BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бангкокта ерекше «өлім кафесі» ашылды

Аяқ киімді шешіп, буддалық жұмсақ табытқа кіріп жату – Бангкок тұрғындары ойлап тапқан ерекше кафе түрі. Ең бастысы табыттың ағаш есігі жабылып, үш минуттық қараңғыда тып-тыныш жату талап етіледі. Есесіне, шыдап берген адамға тегін тамақ пен кофе беріледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

Kid Mai деп аталатын Бангкоктағы жаңа кафе Будда діні негізінде ашылған. Ол адамдардың өлім дәмін сезініп, өмірлерін өзгерту туралы ой түюіне ықпал ету мақсатын көздейді. Бірақ екінің бірі бұл табытқа жатуға жүрексінбейді дейді ұйымдастырушылар.

Табыттың сырты дәстүрлі періште бейнелерімен, алтын және ақ түсті бояумен өрнектелген. Өз бағыңды сынап көру тегін.

Бұл кафені доцент Веранут Роджанапрапа ашыпты. Ол Бангкоктағы Әулие Иоанна университетінде дін және философия бойынша кандидаттық диссертация жазу үшін осы тәжірибені ойлап тауыпты. Веранут халқының 90 пайызы будда дінін ұстанатын Таиланд жеріндегі жемқорлық индексін азайту, адамдарды тазалыққа шақыру үшін осындай тақырыпты алған.

Веранут табытқа жатып көргендерді кафедегі блокнотқа өз пікірлері мен сезімдерін жазып кетуді өтінеді. Ал кафеге қойылған қаңқа табытқа салынғаннан «кейінгі өмірді» еске салады дейді автор.

Бұл кафеде 4 тәтті, мұз қосылған сусын беріледі. Олар «туылдың», «үлкен», «ауыртатын» және «өлім» деп аталыпты.

Ағылшын тілінен аударған Алтынай ҚУАНЫШБЕК


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер