BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Саудиялық ханзадалар жәбір көріп жатыр – БАҚ

Фото: ria.ru

Сауд Арабиясы мемлекеттік элитасының қамауға алынған өкілдеріне, оның ішінде ханзадаларға тергеу барысында қысым көрсетіліп жатыр. Бұл туралы Daily Mail дереккөздерге сілтеме жасап жазады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Мухаммед бен Сальман ханзада қарашаның басында Сауд Арабиясында жемқорлыққа қарсы өте ауқымды шараларды өткізді. Бір күн ішінде Салман басқаратын комитет Әль-Сауд басқарушы отбасының 11 ханзадасын, сондай-ақ үкіметтің бұрынғы 30 министрін сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен тұтқындады.

"Аль-Маядин" телеарнасы хабарлағандай, күдіктілер арасында медиамагнат Әль-Валид бен Таляль бен Абдель Әзиз Әль Сауд ханзада, 4 қарашада отставкаға кеткен экономика мен жоспарлау министрі Адель Факих, сондай-ақ ұлттық гвардия министрлігінің бұрынғы басшысы Митаб бен Абдалла бен Абдель Әзиз Әль Сауд ханзада да бар.

Сауд Арабиясындағы жемқорлыққа қарсы науқан аясындағы алғашқы деректерге сүйенсек, тұтқындалған азаматтар 100 миллиард доллардан аса қаржыны жымқырды деген мәлімет бар.

Сойдай-ақ атын жасырып қалуды өтінген бір азамат қамауда отырғандарға қоқын-лоққы көрсетіліп жатыр деп мәлімдеме жасады.

«Оларды ұрады, бетінен соққы береді, ар-намысына тиеді. Қамауға алынғандардың жігерін басқысы келеді», - деді жасырын азамат.

Бұл азаптауларға Blackwater жеке әскери компаниясының иелігіндегі Academі америкалық күзет кәсіпорнының қатысы бар деген ақпарат та тарады. Бірақ Academi өкілі бұл әрекеттерге еш қатысымыз жоқ деп мәлімдеді.

Басылымның жазуынша, тергеуге Сауд Арабиясының тақ ханзадасы Мухаммед бен Салман Аль Саудтың өзі қатысып жатқан болу керек. Ол ханзадалардан пара алған шетелдік шенеуніктерді анықтауды көздеп отыр.

Газеттің хабарлауынша, қамауға алынғандардың банктегі есепшотынан 194 миллиард доллар тәркіленген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер