Әжетханаға - 42 миллион доллар - Әлем|27 Шілде 2011, 11:31
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әжетханаға - 42 миллион доллар

Билл Гейтс қоры Делфт технология университетіне (Нидерланды) «Жаңа әжетхана ойлап табу» жобасын іске асыру үшін арнайы грант бөлді. Оның мақсаты - адам жеген тағам қалдықтарын кәдеге асыру және суды үнемдеу болмақ. Мұндай жағдайда энергия жұмсау мен су құбырларының да қажеті болмай қалады. Бұл тәсіл арзан әрі дамушы елдер үшін өте пайдалы болмақ.
Грант - жаңа жобаға салынатын 42 млн доллар инвестицияның бір бөлігі ғана көрінеді. Билл бар ақшасын қайда жұмсарын білмей отырған жан емес. Әлемдегі қайшылықтар мен қиыншылықтар оны осындай жобаны іске асыруға итермелепті. Қазір шамамен жер бетінде 2,6 миллиард адам қауіпсіз әрі арзан су жүйелеріне зәру.
Голландиялық оқымыстылар мұндай жоба қағаз жүзінде бұрыннан барын айтады. Тек соны іске асыру қажет. Зерттеушілер тобының жетекшісі Георгиос Стефанидис: «микротолқын көмегімен біз адамдар жеген тағам қалдықтарын электр энергиясына айналдырамыз» деген пікір білдірді. Ал Билл Гейтс бөлген қаражат өмірге қандай жаңалық әкелері әзірше белгісіз.

Адал ШАБЫТ

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=9096&Itemid=34


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер