Әзербайжан Мүбәрәктің ескерткішін алып тастады - Әлем|08 Маусым 2011, 17:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әзербайжан Мүбәрәктің ескерткішін алып тастады

Әзербайжан билік орындары Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәктің ескерткішін алып тастады.

Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің хабарлауынша, сейсенбі күні Хирдалан қаласындағы саябақтан Египеттің бұрынғы басшысының ескерткіші алынған. Оның орнына ежелгі египеттік адамның ескерткіші қойылды. "Әзербайжан-Египет достығы" деп аталатын саябақтың атауы сол күйінде қалды.

Мүбәрәктің ескерткіші 2007 жылы тұрғызылған болатын. Оппозиция мен жастар белсенділері ақпан айында биліктен құлатылған Мүбәрәктің ескерткішін алып тастауды талап еткен еді. Осы уақытқа дейін ол ескерткішті полиция күзетшілері қорғап келген болатын.

http://www.azattyq.org/content/news/24228418.html


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер