Австрия Рахат Әлиевке қатысты қылмыстық іс қозғауға келісім берді - Әлем|07 Маусым 2011, 13:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Австрия Рахат Әлиевке қатысты қылмыстық іс қозғауға келісім берді

АСТАНА. Маусымның 7-сі. BNews.kz – Австрия билігі Қазақстан Президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевке қатысты қылмыстық іс қозғауға рұқсат берді. Бұл жөнінде 2007 жылы белгісіз біреулер ұрлап кеткен «Нұрбанк» қызметкерлерінің бірінің зайыбы, «Тағдыр» қорының басшысы Амангүл Қапашева мәлімдеді, деп хабарлайды Тengrinews.kz «Литер» газетіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, кеше Австриядан Алматыға «Тағдыр» қорымен жалданған адвокаттар келіп жетті. Олар журналист Анастасия Новикованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша куәгерлерден түсініктеме алу жұмыстарымен айналысады. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс өткен жылы жазда Ливанда қозғалған болатын. Сонымен қатар басылымға берген сұхбатында Новикованың анасы ливандық адвокатқа үнемі қысым көрсетілетіндігін айтты. Оның пікірінше, қысымды тергеу жұмыстарына кедергі жасау мақсатымен Әлиев туған-туыстарының бірі жасап отыр.

19 қаңтарда Новикава туыстарының Әлиевке қатысты қылмыстық іс қозғау бойынша арыз жазғандары белгілі болды. Новикова 2004 жылы Ливан астанасы Бейрутте көз жұмған болатын. Ол көпқабатты үйдің балконынан құлап қайтыс болған. Куәгерлердің бірінің айтуынша, оған дейін белгісіз біреулер оны қамауда ұстап, соққыға жыққан. Болжам бойынша, ол Әлиевтің көмекшілері болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылдың басында сот сырттай Әлиевті дүние-мүлкін тәркілеумен қоса 20 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Ол қылмыстық топты ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін, мемлекеттік құпияларды жариялағаны үшін, мемлекеттік мүліктерді талан-таражға салғаны және т.б. ауыр қылмыстары үшін айыпталып отыр.

Сонымен қатар Әлиев, болжам бойынша, 2007 жылы жоғалып кеткен «Нұрбанк» топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің ұрлануына да қатысы бар.

http://www.bnews.kz/kk/news/post/52050/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер