BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Австралияда жағалаудан «құбыжық балық» табылды

Фото: Publika.md

Балық аулауды қадағалайтын жергілікті мекемесінің хабарлауынша, бұл квинслендтік групер балығы және оны аулауға қатаң тыйым салынған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Courier Mail басылымына сілтеме жасап.

Австралияда Квинсленд штатындағы жағажайға барған ерлі-зайыптылар үлкен балық тауып алған.

«Оның салмағы шашамен 150 келі болуы керек. Ол өте үлкен болды», - дейді Джон Линдхольм.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында бұл «құбыжық балыққа» қатысты әртүрлі пікірлер айтылды. Бірі оны саусаққанатты балықтар ішіндегі целаканттектес балықтар отрядына жатады деп болжаса, енді бірі оның групер балыққа жататынын айтты.

Балық аулауды қадағалайтын жергілікті бөлім мамандары Квинсленд Мұражай қызметкерлерімен ақылдаса келе, екінші нұсқаның дұрыс екендігін растады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер