Австралияда дрон суға батып бара жатқан екі баланы құтқарды - Әлем|20 Қаңтар 2018, 12:10
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Австралияда дрон суға батып бара жатқан екі баланы құтқарды

Фото: интернеттен

Дрон мұхитқа батып бара жатқан австралиялық екі жасөспірімді құтқарды. Бұл туралы ұйымның Surf Life Saving сайтында жарияланды. Құтқару кезінде түсірілген видео YouTube-қа жүктелді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Ресми сайтта жазылған ақпаратқа сәйкес, құтқарушылар мемлекеттік бағдарлама аясында акулалардан құтқару шараларын сынап жатқан кезде мұхитқа екі серфингші батып бара жатыр деген хабарлама келеді. Құтқарушылар бірден дронға құтқару құралын бекітіп, ұшатын аппаратты оқиға орнына жөнелтеді.

Дронға бекітілген камераға құтқару операциясы түсіп қалады. Кадрдан дронның батып бара жатқан екі балаға құтқару құралын тастағанын көруге болады. Балалар оның көмегімен жағалауға жетеді.

Ұйымның хабарлауынша, бұл жағдай – дрон арқылы құтқарылған алғашқы оқиға. Дрон адамдарды аман алып қалуда ұшқышсыз басқарылатын өте тиімді көлік екенін дәлелдеп берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер