BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ауған-тәжік шекарасында атыс болып, екі адам көз жұмды

26 тамыз күні Тәжікстанның Ауғанстанмен шекаралас аймағында үш тәжік азаматы мінген "Нива" көлігіне шабуыл жасалды.

Азаттықтың Тәжік қызметіне Фархор ауданы күш кұрылымындағы дереккөздің хабарлауынша, атыс кезінде екі адам қаза тауып, біреуі жараланған.

"Үшеуі де орман күзетшісі болған. Шабуыл Ауғанстан жағынан жасалды", - дейді дереккөз.

Тәжікстанның Мемлекеттік шекара қызметі бұл оқиғаға әзірге түсініктеме бермеді. Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, оқиға орнында күш құрылымдарының өкілдері жүр. Аймақ әуе кеңістігінде тікұшақ ұшып жүр.

Фархор ауданымен шекаралас Ауғанстанның Тахор уәлаяты полициясының баспасөз хатшысы Халил Асир оқиғадан хабардар екенін жеткізді. Ол бұл аймақ қазір "Талибан" қозғалысының бақылауында екенін айтады. Шабуылды кім жасағаны әзірге белгісіз.

Биыл көктемде Тәжікстан шекара әскерінің қолбасшысы Раджабали Рахмонали Ауғанстанның Тәжікстанмен шекаралас аймағында "жеті мың содыр орналасқанын" хабарлаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер