BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ауғанстанда автобус минаға түсіп, 11 адам көз жұмды

Фото: tolonews.co

Жол бойындағы минаның жарылысынан 11 адам қаза тапты, олардың ішінде әйелдер мен балалар бар. Тағы 31 адам жарақат алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Ауғанстан батысынадағы Фарах провинциясында болған. Провинция денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Абдула Джабар Шахиктің айтуынша, жарылыс таңертең ерте Бала-Булук ауданында орын алған.

«Жол бойындағы минаның жарылысынан 11 адам қаза тапты, олардың ішінде әйелдер мен балалар бар», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ тағы 31 адамның жарақат алғандығы мәлім болды.

Қазіргі уақытқа дейін ешбір лаңкестік ұйым бұл жарылысты өз мойнына алмады. Алайда бұл аймақта талибтер үлкен ықпалға ие, әсіресе Бала-Булукта. Олар үкіметтік шенеуніктер мен ауған қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасау үшін жол бойына жиі жарылғыш құралдарды орнатып отырады. Мұндай шабуылдар бейбіт тұрғындарға үлкен шығын әкелуде.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Кабул әуежайында жанкешті жарған бомбадан 16 адам қаза тапқан. Жақында тағы бір жанкешті Ауылды қалыпқа келтіру мен дамыту министрлігі (MRRD) қақпасының алдында бомба жарып, нәтижесінде жеті адам қаза тауып, он үші жарақат алған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер