Ауғанстанда тәлібтер 8 жасар баланы дарға асты - Әлем|26 Шілде 2011, 09:53
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ауғанстанда тәлібтер 8 жасар баланы дарға асты

АСТАНА.  26  шілде. ҚазАқпарат  - Ауғанстанның Гильменд уәлаятында «Талибан»    содырлары    адам аузы бармайтын айуандыққа  барды -  олар  8 жасар баланы дарға асты, деп  хабарлайды РБК агенттігі.

Содырлар  осылайша   олардың талаптарын   орындаудан және    оларға  полиция   көлігін беруден бас тартқан баланың әкесінен, полиция  қызметкерінен  кек алған. 

 Жұма күні     жергілікті    базардан ұрланған   баланың   денесі  Герешк уезінде  табылып  отыр.

Ауғанстан Президенті Хамид Карзай тәлібтердің   бұл қылмысын үзілді-кесілді айыптап,  «мұндай  қылмысты   бірде бір мәдениет, бірде бір дін  ақтамайтынын»      мәлім етті.    Президент  кінәлілерді  тезірек  тауып,   қамауға алу  туралы  бұйрық берді.

http://www.inform.kz/kaz/article/2395173


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер