Ауғанстанда содырлар 8 жасар баланың көмегімен лаңкестік әрекет ұйымдастырды - Әлем|27 Маусым 2011, 10:01
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ауғанстанда содырлар 8 жасар баланың көмегімен лаңкестік әрекет ұйымдастырды

АСТАНА.  27 маусым.  ҚазАқпарат - Ауғанстанның  оңтүстігіндегі Урузган  уәлаятында    бомба  жарылысының салдарынан    8 жасар қыз бала     қаза  тапты. Содырлар   баланы «тірі бомба» ретінде  пайдаланған болып шықты,   деп  хабарлайды РБК агенттігі.

Елдің ішкі істер министрінің айтуынша,   содырлар қыз баланың  қолына       ішіне  жарылғыш зат салынған   түйіншекті  ұстатып,   оны полиция учаскесіне апарып беруді талап еткен. Ештеңеден күдіктенбеген  бала     дорбаны    полицейлерге апарып берген. 

 Бомба  қашықтықтан басқару  жүйесінің көмегімен  іске  қосылып,   лаңкестік әрекеттің салдарынан    қыз бала     қаза тапқан.     Басқа  кісі  құрбандығы жоқ.

 Естеріңізге сала  кетейік, осының алдында    Ауғанстанның    Құндыз уәлаятындағы Ханабад елді мекенінде ірі  лаңкестік   әрекет     орын алды.   Велосипедке мінген    жанкешті  адам көп жиналған   базардың  ортасында  өзін-өзі  жарып   жіберіп,     оқиға салдарынан  10 адам қаза тапты.  Тағы  24 адам  түрлі жарақатпен  ауруханаға түсті,  олардың   қатарында  бес  әйел  және  бір полиция     қызметкері бар.

http://www.inform.kz/kaz/article/2389748


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
22 Желтоқсан 2018, 15:24
БАЛАНЫҢ ТІЛІ
Пікірлер