Қазақстан Ауғанстанды ұлттық татуласу бойынша келіссөзге шақырады – СІМ - Әлем|22 Қаңтар 2018, 12:36
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан Ауғанстанды ұлттық татуласу бойынша келіссөзге шақырады – СІМ

Ауғанстанның Қабыл қаласында орын алған террористік шабуылға қатысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Қабылдағы «Интерконтиненталь» қонақ үйінде бейбіт халықтың, сондай-ақ Ауғанстанға бейбіт мақсатпен келген шетел азаматтарының өліміне алып келген террористік әрекетті қатаң айыптайды. Аталған қатыгез және өрескел әрекет Ауғанстан үшін ғана емес, осы елдегі бейбітшілік пен дамуды қалпына келтіруге атсалысып жатқан барлық халықаралық қауымдастық үшін қауіп-қатер болып табылады.

Қазақстан Ауғанстандағы терроризм мәселесін түбегейлі шешу үшін жедел шаралар қабылдау қажеттілігін толық жауапкершілікпен мәлімдейді. Қазақстан Ауғанстандағы барлық саяси күштерді ұлттық татуласу бойынша келіссөздер жүргізуге шақырады.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде және ұлттық негізде Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға, терроризмді басуға және елді қалпына келтіруге жан-жақты жәрдем көрсетуді жалғастырады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының 2018 жылдың қаңтарында қабылдаған мәлімдемесі халықаралық қауымдастықты осы елдегі саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетуге шақырады.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, сондай-ақ жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуін тілейміз.

Естеріңізге сала кетсек, 21 қаңтар күні Ауғанстанда қонақүйге жасалған шабуыл салдарынан қазақстандық азаматтың қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер