BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Арменияда тамақтан уланған 90 адам ауруханаға жатқызылды

Фото: Gorlovka.Today

Жүзім шаруашылығымен айналысатын кәсіпорын жұмысшылары тамақтан уланып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі iz.ru сайтына сілтеме жасап.

«Армениядағы Армавир облысында кем дегенде 90 адам тамақтан уланып, ауруханаға жатқызылды», - делінген Армения республикасының ТЖМ баспасөз хабарламасында.

Зардап шеккендердің бәрі жүзім шаруашылығымен айналысатын кәсіпорынның жұмысшылары болып шықты.

«Олар неден және қандай жағдайда уланғаны әзірге белгісіз. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін 30 адам үйлеріне жіберілді», - делінген баспасөз хабарламасында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер