Арықтаудың ең қауіпсіз жолы табылды - Әлем|17 Қаңтар 2018, 13:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Арықтаудың ең қауіпсіз жолы табылды

Израиль ғалымдары диетамен арықтағандарға қарағанда, артық салмағын ота жасау арқылы азайтқандар үшін ерте өлім қаупі төмен болатынын мәлімдеді . Бұл туралы Journal of the American Medical Association журналына жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Зерттеуге 8 385 адам сырттай қатысты. Оларға 2005-2014 жылдар аралығында артық салмақтан құтылу үшін түрлі ота жасалды. Оның ішінде лапароскопиялық ота да бар.

Бұдан басқа, мамандар артық салмағы бар 25 мың адамның денсаулығына бақылау жүргізді. Олар диета мен салауатты өмір сүру салты арқылы салмақ тастауға тырысқан.

Ғалымдар екі топтың қатысушыларының өлім деңгейін салыстырды. Сөйтсе, төрт жарым жыл ішінде хирургиялық жолмен арықтамағандарға қарағанда, ота жасағандардың қайтыс болу қаупі төмен болып шықты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер