BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АРАБ ӘЛЕМІНІҢ КӨШБАСШЫ ЕЛІ ЖОЛАЙРЫҚТА

Египет революция отына оранған. Каир көшесіне 2 миллиондай халық шығып, билікке қарсылығын білдірсе, ол жайдан-жай емес. Тіпті бұрынғы билік қалса да, жаңа билік келсе де, Египеттің алдағы жолы басқашарақ болары анық.
Араб әле­мін­дегі бүгінгі бу­ыр­қану Тунистен басталды де­сек те, рево­лю­ция­лық жағ­дай Еги­петтің өзінде қа­лып­таспаса, от тұ­тана қой­мас еді. Халық қаты­гез биліктен қа­жыған. Әңгіме Хұсни Мүбә­рак­тың ұзақ билігінде ғана емес, сол биліктің мазмұнында. Билік­тің халыққа тізесінің бат­қа­нында. Мұны дәл қазір президент Мүбәрактың өзі де аңғарып отыр. Бірақ кеш аңғарды. Ол халыққа үндеу арнап, саяси ғана емес, экономикалық та реформа жа­сайты­нын мәлімдеді. Соны дәл бүгін емес, бұрын жасауына болмас па еді. Уақыты да жеткілікті болды – отыз жыл аз мерзім емес, тым артық та дейді жұрт. Ай­талық, соңғы он жылда баласы Гамалды қалай да билік мұрагері етіп қалдыруды көп ойламай, қазір айтып отырған реформаларды жүзеге асыруына болар еді. Оның қазіргі ісі суға кет­кен­нің тал қармағанындай әрекет. Отыз жыл ұмыт болған вице-президенттік лауазымға әскери барлаудың бастығы Омар Сүлей­манды та­ғайындап, үкіметті ауыстыруы – сасқандық. Тіпті жаңа үкімет төр­ағасы, бұрынғы әскери-әуе күш­терінің басшысы Ахмед Шафиктен жұмыс­сыз­дықты азайтып, экономи­каны тұ­рақтандыруды талап етуі – ұзақ уа­қыт ел басқарған адам­ның сөзіне ұқсамайды. Бұл жедел шешіле салатын, қалтадан ақша алып бере салатындай оңай шаруа емес, біразға созы­латын бағ­дар­ла­малы жұмыстың нәти­жесі ретінде келеді. Хұсни Мүбәрактың тағы қатты шайқалып тұр. Оның онда қалуы екіталай. Тіпті биылғы күзде болатын президент сайла­уына қатыспаймын, бірақ соған дейін биліктің тізгінін бермеймін дегені де орындалуы неғайбыл. Оппозиция оның дәл бүгін кетуін талап етіп отыр. Оппозиция қа­­зір бұл елде айтарлықтай күш­ке айналды. Әсте де бұл олардың күш­ті­лі­гінен немесе ха­лық арасындағы беделінің жоғарылығынан емес, қалып­тас­қан жағдай оларға зор мүмкіндік ашып отыр. Халықтың билікке на­разылығын олар өз мүдде­леріне тиімді пайдаланып қал­ғысы келеді. Әйтпесе, қазіргі күнде оппозиция көсемдерінің ішінде ең беделдісі саналатын бұрынғы Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттіктің (МАГАТЭ) директоры Мохаммед әл-Барадеидің ел ішіндегі билікке араласы да шамалы болатын. Міне, енді елде қазіргідей жағ­дай қалыптасқан кезде ол билік тізгінін ұстауға белсенді кірісіп отыр. Араб дүниесіндегі көшбас­шы ел Египеттегі күрделі жағ­дай алдағы уақытта қандай бағытта өрбитінін дөп басып айту да қиын. Ең бір басты қасірет – көп жағдайдағыдай тартыс халық пен биліктің арасында ға­на емес, халықтың өзі екіге жарылып, бірі президент Мүбә­ракты қолдау­шы­лар және екіншілері оған қар­сылар болып шайқасқа шы­ғып отыр. Мұн­дайда оларға ын­тымаққа ша­қырып, ықпал ету аса күрделі. Қарсыластар ара­сында шекара жоқ, олар арала­сып өмір сүріп жатыр. Мұндайда қар­сыластар (жау демейік) алыс­тан емес, қасыңнан табылады. Осындайда елдің мүддесінен гөрі өздерінің билікке жетуін көз­деп, халықты қақтығысқа ша­қы­ратын арандатушылар белсенділігі күшейетіні белгілі. Египет қауы­мында қазір күні кеше ты­йым са­лынған экстремистік күш­тер өзде­рінің бүлдірушілік қызметін жан­дандыра түсті. Жұрт бүгінде Мы­сыр еліне күдікпен де, үмітпен де қарайды. Мамадияр ЖАҚЫП. http://www.egemen.kz/27111.html

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Желтоқсан 2018, 19:53
Қызылорда – көшбасшы
Пікірлер