Аң аулау кезінде ит иесін атып өлтірді - Әлем|22 Қаңтар 2018, 15:41
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Аң аулау кезінде ит иесін атып өлтірді

Аң аулау кезінде ит мылтықтың шүріппесін басып жіберіп, иесін ішінен жарақаттады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Регион 64 басылымына сілтеме жасап.

21 қаңтар күні Саратов облысы Краснокутский ауданында оқыс оқиға болып, салдарынан бір ер адам көз жұмды. Жергілікті тұрғын 1953 жылғы Сергей Терехов жексенбі күні Дьяков ауылына аң аулауға барады. Кейін барған жерінде ВАЗ-2107 автомобилінің жүк тасығышында отырған екі итті босатып жібереді.

Иттердің бірі жерге қадалып тұрған ТОЗ-34 мылтығының шүріппесін басып, иесін ішінен жарақаттайды. Терехов шұғыл ауруханаға жеткізілгеніне қарамастан, небәрі бір сағат ішінде көз жұмды.

Құқық қорғау органдары аталған оқыс оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер