BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Америкалық жасөспірім мектепте оқ атты

Кентукки штатының Бентон қаласында 15 жастағы жасөспірім мектепте оқ атты. Салдарынан 15 жастағы ұл мен қыз қайтыс болды. 19 адам зардап шегіп, оның 14-і оқ жарақатын алған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы жергілікті Local6 телеарнасы хабарлады.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Кейбірін тікұшақпен апарды. Сол кезде мектепте болған басқа оқушыларға да қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Қалалық полиция өкілдерінің ақпаратына сәйкес, оқ атқан күдікті ұсталды. Қайғылы оқиғаға қатысты басқа деректер анықталып жатыр.

Штат губернаторы өзінің Twitter парақшасында қала тұрғындарын сабыр сақтап, жалған ақпарат таратпауға шақырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер