Америка Ауғанстаннан 33 мың әскерін шығарады - Әлем|23 Маусым 2011, 09:38
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Америка Ауғанстаннан 33 мың әскерін шығарады

Биыл жыл соңына дейін Америка Ауғанстандағы 10 мың әскерін шығармақшы. 2012 жылдың жазына қарай олардың саны 33 мыңға жетеді.

Ұлттық арнадан сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Барак Обама осылай деп жариялады. Айтуынша, әскер саны ұдайы біртіндеп азайтылып, 2014 жылы Америка күштері Ауғанстаннан толықтай шығарылмақ. 2014 жылы елдегі  қауіпсіздікті қамтамасыз ету ауған күштеріне тапсырылмақшы.    
 
Обама Ауғанстанда бейбітшілікке қол жеткізу бастамаларына белсенді түрде қатысатынын айтты. 
 
Америка қорғаныс министрі Роберт Гейтс бұл жобаны қолдады.

Қазір Ауғанстандағы әскер саны шамамен - 100 мың.

http://www.azattyq.org/content/news/24243695.html


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер