BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әлемдегі ең үздік қонақ үй соншалық қымбат болмай шықты

Жыл сайынғы Traveller's Choice премиясының қорытындысына сәйкес, Камбоджаның Сиемреап қаласында орналасқан Viroth's қонақ үйі әлемнің ең үздік қонақ үйі атанды. Онда бір күн тұру үшін бар-жоғы 100 доллар төлейсіз. Бұл мәлімет саяхаттар туралы жазатын TripAdvisor сайтында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Жеңімпаз ресурсты пайдаланушылардың пікірі негізінде анықталды. Мысалы, Viroth's туралы 910 пікірдің тек бесеуі ғана теріс болып шықты.

Екінші орынды Коста-Рикадағы Tulemar Bungalows & Villas қонақ үйі алды. Бұл қонақ үйде бір күн үшін 300 доллар төлеу керек.

Үшінші орын Үндістанның Джодхпур қаласындағы Umaid Bhawan Palace қонақ үйіне бұйырды. Бұл қонақ үйде тоқтаған әр адам күніне 850 доллардан астам төлейді. Қонақ үй 1972 жылдан бері жұмыс істейді. Пайдаланушылардың 93 пайызы оң пікір қалдырған.

Төртінші және бесінші орынға вьетнамдық Hanoi La Siesta Hotel & Spa (бір тәулікке 100 доллар) және мальдивтің Gili Lankanfushi қонақ үйі (2500 доллар) жайғасты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер