BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әлемдегі ең семіз бала екі есе арықтады

Астана, BAQ.KZ. Жер бетіндегі ең семіз бала саналып келген индонезиялық Ария Пермана екі есе арықтап, болашақта футболист болғысы келетінін мәлімдеді. Бұл жөнінде Lenta.ru порталы хабарлайды.

2016 жылы ол кезде 10 жастағы Пермананың салмағы 200 келі болатын. Ол өз бетінше отырып-тұра алмайтын, жүрмейтін және оны барлық уақытта аштық сезімі мазалайтын. Сол себепті ол күніне бес рет үлкен порциямен балық, сияр етін, күріш пен сорпа және тәттілер жеуге әдеттенді. Кейінірек ата-анасы оны қоңыр күрішке диетаға отырғызып, орнынан қозғалуын талап еткен, Ал 2017 жылы балаға асқазан көлемін азайту бойынша ота жасалған.

Қазір Пермананың 12 жаста және ол 98 келі артық салмағынан арылды. Ол достарымен футбол мен бадминтон ойнағанды ұнатады және күн сайын бес шақырымдық серуенге шығады. Ол тіпті мотоцикл айдауды үйреніп үлгерген. Ата-анасы оған газдалған сусын ішіп, тәтті жеуге тыйым салады.

«Енді мен бақыттымын. Достарыммен серуендей аламын. Қазір әлдеқайда ептімін және күн сайын достарыммен футбол ойнаймын», - дейді Пермана. Ол болашақта футбоглист болуды армандайтынын және «Ливерпуль» клубындағы Роберто Фирминоны пір тұтатынын айтты. Пермана қазір мектепке баруды жалғастырып, оқу бағдарламасынан қалып қойған тұстарын қуып жетуге барыншы кіріскен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер