Әлемдегі тілдік тайталас - Әлем|01 Наурыз 2011, 15:38
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әлемдегі тілдік тайталас

Қай заманда болса да тіл әлем­нің мәдени майданындағы ту­дың қызметін атқарған. Ха­лықтар тілін мойындату үшін кү­респейді, майданда жеңіске же­ту үшін тілін мойындатуды көз­дейді. Соңғы ХХ ғасырда бір­жола жойылып кеткен сансыз тілдердің тарихын естіп жа­тырмыз. Бірақ жаңадан пай­­да болып жатқандары жоқ. Демек, ақыр аяғында тек өзін мойындатқан тілдер ғана қалады.
Әлемде ерекше ықпалға ие ағылшын мен қытай тілдері де неғұрлым көп аймаққа ие болып, ареалын кеңейту үшін күресуде. Баз бір тіл­дер осылайша өзгелерді мо­йын­дату үшін күресіп жүрсе, енді біреулері жо­йы­лып кетпеудің қамы үшін жан­таласуда. Тілдердің келешегі не болмақ? Орта ғасырларда әлемдік деңгейдегі тілдік бәсеке алдымен ғылымның төңірегін­де жүріп жатты. Тіл неғұрлым ғылымға бе­йімделген және жазба деректері мол бол­са, соғұрлым кең сұранысқа ие болып отыр­ды. Екінші фактор ретінде әскери жағ­дайды атауға болады. Қарулы күшпен басып алу арқасында жеңіске жеткен отар­лаушы елдер өз тілінің ареалын қара күшке сүйену арқылы кеңейтпек болды. Кейіннен XX ғасырда еуропалықтарда «бизнесте табысқа жеткен елдер тілдік бәсекеде де жеңіске жетеді» деген жаңа тұжырым тудырды. Дегенмен соңғы уақытта сарап­шылар XXІ ғасырда тілдік бәсекедегі жеңіс түрлі факторлардың барлығында бірдей басымдыққа жете алатын, яғни әмбебап мүмкіндікке ие елдерге тиесілі болатынын айтады. Атап айтқанда, теледидар мен интернеттің пайда болуы, әлемдік еркін сау­да кеңістігінің дамуы, қысқасын айт­қанда, жаһандану үрдісінің көрініс беруі тілдік бәсекенің тек бір майданда бола алмайтынын көрсетті. Ғаламтордың кең қолданысқа енуіне байланысты ел мен елдің арасындағы ресми шекараның мағынасы кете бастады. Бұл жағдай қауқарсыз тіл­дердің мүшкіл жағдайын одан бетер зорықтырып жіберді. Дәл қазір ортаңқол мемлекеттердің саяси құрылымдары тілдік ықпалды тежеп, екпінін бәсеңдеткені­мен, оны толық тоқтата алмайды. Ал заманауи либералды ұстанымдармен жүретін саяси құрылымдарға бұл мәселеде жеңіске жету екі есе қиындық тудырады. Оның үстіне, кез келген ел ішіндегі тіл мәселесін шешу үшін тек тіл саясатын ғана жүргізу жеткіліксіз. Дәл қазіргі жағдайда тіл де бүтіндей ұлттық мәдениетке, белгілі бір деңгейде экономикаға да байланысты болып қалды. Тіл сарапшылары әлемдегі тілдердің бо­лашағына былай болжам жасайды: жаһан­дану нәтижесінде тілдер үш топқа бө­лінеді. Ағылшын тілі толықтай әлемдік ортақ қарым-қатынас тілі болады. Екін­ші тілдер – экономикалық немесе мәде­ни дамыған этникалық топтардың тілі. Оған француз, неміс, қытай, испан, италь­ян, жапон тағы басқа бірқатар тілдердің енуі ықтимал. Бұл этникалық топтар ағылшын тілімен өз тілдерін қатар алып жүру мүмкіндігіне ие. Осы екеуіне іліге алмағандар үшінші деңгейдегі тілдерге жатқызылады. Олардың басым бөлігі алда­ғы жарты ғасырда жойылуға шақ қалса, біршамасы қолданушысы қанша көп болса да, өзін тұрмыстық деңгейдегі қарым-қатынас құралы ретінде танытады. Тіл майданындағы үш қауіп Малы мен жанын ары үшін садақа ет­кен қазақ тарихта талай қауіпті бас­тан өткерді. Филолог ғалым Мекемтас Мыр­захметұлы солардың арасында қазақтың тілі мен ділі толық жойылып кетердей ерек­ше қауіп төндірген үш жағ­дайды атай­д­ы. Алғашқысы VIII ғасырда Түр­геш қа­ғанатының кезіндегі әскери экс­пан­сия бо­латын. Толық әскери қуатымен түр­кі мәдениетін біржола жермен-жексен ету­­ді көздеген қытайларды тоқтатуға араб­­тар қол ұшын беріп, 751 жылғы Ат­лах-Талас шайқасында бұл мәселеге нүк­­те қойылды. Артынан арабтардың өз­дері әлсін-әлсін жасап отырған әскери жо­рықтары нәтиже бермегенімен, ғылым-білім арқылы жасалған мәдени экспансияда түркі тіліне мүлде жойылып кету қаупі төнді. Түркі халықтарының бар­лық билеушілері мен ақсүйектері арап-парсы мәдениетіне барынша елік­теп, олардың ғылым-білімін сол тілдер­де қабылдауға ынтықты. Дегенмен бір­қа­тар ерік-жігерлі ғалымдардың дін мен ғылымды түркі тілдерінде сауатты сөй­летуінің арқасында бұл тілдік экспансия да қаупін сейілтті. Үшінші орасан қауіп  ХХ ғасырдағы орыс отарлауынан болды. Алып КСРО тағы бір 20 жылдай уақыт тізгінін ұстап тұрған жағдайда қазақ тілі толықтай дерлік жойылып, мәдениетімізді мұрайжайлардан ғана тамашаларымыз хақ еді. Соңғы фактордың қуатты болғаны соншалық, оның қаупінен әлі де толық арылып болған жоқпыз. Үштұғырлы тіл отарсызданудың алғышарты ма? БАҚ беттерінде қазақстандық биліктің үштұғырлы саясаты ара-тұра сынға ұшырап қалатыны белгілі. Дегенмен оның қажеттілігі де бар еді. Үштұғырлы саясат – көрші Ресейдің ықпалынан арылу үшін де үлкен қажеттілік. Дәл қазіргі жағдайда бұл саясат өтпелі кезең, көпір қызметін атқарып отыр. Яғни қазақ тілінің орыс тілді артқа тастап, бірден ағылшын тіліне аттап кетуі қиындау. Алайда осы өтпелі кезеңнен қазақ тілінің де аман өтуі күмәнді құбылысқа айналып барады. Бұған, ең алдымен, ел азаматтарының мемлекеттік тілдің болашағына деген сенімінің аз болуы себеп болып отыр. Тіл мамандары елімізде кең тараған «қазақ тілі үйренуге ауыр келеді» деген ұстанымдарды негізсіз деп бағалап отыр. Себебі морфологиялық құрамы жағынан аглютинативті қазақ тілінен гөрі даралаушы типтегі қытай тілін үйрену анағұрлым ауыр болса да, еліміздің ішінде қытай тілін үйренуге деген құлшыныс күшті. Дегенмен қазақ тілінің болашағына күмән келтірмейтіндер аз емес, оның тіпті халықаралық қатынас құралына айна­латынына да сенетіндер баршылық. Бір пікір Анар Салқынбай, филология ғылымының докторы, профессор: – Қазақ тілінің өн бойында халықаралық қатынас құралы болу тәжірибесі жатыр, бұлай деп айтуға тарихи негіз бар. Орта ғасырда қазақ тілі халықаралық тіл болған. «Кодекс Куманикус» сөздігі итальян, неміс, қазақ тілдерінде жазылып,  Жібек жолы­мен өткен жиһанкездердің барлығы міндетті түрде қазақ тілін, қыпшақ тілін білуге тиіс болды. Біріншіден, қазақ тілі барлық түркі халықтарына ортақ тіл бола алатындай қабілетке ие, әрине, өзгелердің осыған саяси еркі болса. Автор: Сәкен Көкенов http://www.alashainasy.kz/politics/19500/

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер