Әлемдегі ең ірі метеорит табылды - Әлем|27 Шілде 2011, 11:31
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әлемдегі ең ірі метеорит табылды

Әлемдегі ең ірі метеориттің жұқанасы Қытайдан табылды. Ғарыштан құлаған темір Синьцзян провинциясындағы Алтай тауына түскен. Оның салмағы 30 тоннаға дейін жетеді.
«Бұл темір метеорит үлкендігімен көзге түседі. Егер нақты дәлелденетін болса, бұл құбылыс сенсацияға айналмақ. Әлем мамандарының да қызығушылығын тудыратын осы оқиға. Ол - күн жүйесінен жеткен олжа. Сондықтан да туристер үшін де, ғылым үшін де метеориттің маңызы арта бермек» дейді Пекиндегі аспан әлемін зерттеу орталығының қызметкері Чжан Баолиня.
Чжан Алтай тауларында өзі бастаған экспедицияның негізгі мақсаты метеорит төңірегіндегі түрлі алып-қашпа әңгімеге нүкте қою екендігін айтады. Ғарыш олжасының үстінен түскенде өздері де қайран қалыпты. Өкінішке қарай, жергілікті тұрғындар темір қаңқаның үстіне аты-жөндерін жазып үлгеріпті.
Метеорит тау басында 2,9 мың метр биіктікте жатыр. Бір бөлігі гранит шыңдармен ұштасып кеткен. Қазір оның құрамы толық зерттелуде. Айтпақшы, бұған дейін ірі метеорит 1920 жылы Намибиядан табылған. Гоба деп аталатын тастың салмағы 66 тонна, қазір оның 6 тоннасы қолды болған. Жер бетіне ерекше із қалдырмаған метеорит бұдан 80 мың жыл бұрын құлаған деген болжам жасалған. Ал Қытайдан табылған аспан денесінің қашан құлағаны белгісіз. Аспан асты елінде 1898 жылы ірі метеорит құлаған. Жаңа олжа да осы жылдың «сыбағасы» болуы әбден мүмкін дейді ғалымдар.

Адал ШАБЫТ

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=9096&Itemid=34


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер