BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әлемде неге биік өкше аяқкиімге сұраныс азайды?

Фото: Larry Downing / Reuters

Америкалық сарапшылардың зерттеуіне сәйкес әйелдер биік өкшеден гөрі ыңғайлы аяқкиімді қалайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

NPD Group's Retail Tracking Service маркетингтік компаниясы жүргізген зерттеуге сәйкес, 2017 жылы биік өкше аяқкиімдердің сатылымы 11 пайызға төмендеп, кроссовкалардың сатылымы 37-ға артқаны белгілі болды.

«Тұтынушылар үшін аяқ киімнің ыңғайлы болуы бірінші орынға шығып отыр. Себебі, бүгінде адамдарда бос уақыт аз, қозғалыс көп. Соған сәйкес, қазір ыңғайлы аяқ киім тігетін брендтердің табысы көбейді. Себебі, бүгінде комфорт барлық жастағы әйелдер үшін маңызды», - деп түсіндірді NPD атқарушы директоры Бет Голдштейн.

Атап өтсек, 2017 жылы АҚШ-та спорттық аяқкиімдердің сатылымынан түскен табыс 20 миллиард долларға жеткен. Немістің adidas-ы мен америкалық Nike индустрияның көшбасшысы болды.

Ал, мамыр айында жылдың ең көп сатылып жатқан аяқкиіміне «әкелердің кроссовкасы» деген атау берілді. Танымал жұлдыздар әлеуметтік желідегі парақшаларында осы аяқкиімді киген суреттерін жарыса қойып жатса, желі қолданушылары аяқкиімнің бұл түріне ұсқынсыз деген сипаттама берген.

Айта кетейік, ХХ ғасырдың 80-90 жылдары осындай кроссовкаларды көбіне әкелер киетін болған және олардың бүгінгі атауы осыдан шыққан.

Бүгінде оларды танымал тележұлдыздар, сәнгерлер киеді, оның ішінде Белла Хадид, Кендалл Дженнер, Кайа Гербер мен Ким Кардашьян бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер