АҚШ-та Трамптың құрметіне «Әйелдер маршы» өтті - Әлем|21 Қаңтар 2018, 11:49
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АҚШ-та Трамптың құрметіне «Әйелдер маршы» өтті

Фото: Washington Post

АҚШ қалалары мн әлем елдерінде 20 қаңтарда Трамп президенттігінің бір жыл толуына орай "Әйелдер маршы" ұйымдастырылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Шараға қатысушылар иммигранттар мәселесі, әйелдер мен ЛГБТ құқығын көтеріп, Трамп әкімшілігін жұмысын сынады.

Вашингтондағы "Әйелдер маршына" ондаған мың адам қатысты. Олардың арасында әйел-сенаторлар мен Конгреске мүше демократтар бар. Ал Нью-Йорк, Кливленд, Ричмонде Милуок, Остин, Сиэтл, Лос-Анджелестегі "маршқа" да мыңдаған адам қатысты. Шеру елдің 230 қаласында өткен.

Дональд Трамп Twitter аккаунтында "Елде әйелдер маршқа шығатындай тамаша ауа райы болып тұр. 12 айдың ішінде елде әйелдер арасында жұмыссыздар саны 18 жыл ішінде ең төменгі деңгейге жетті. Бұл жетістікті сыртқа шығып тойлайық" деді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер