АҚШ-та өрт сөндіруші 3-қабаттан құлаған қызды құтқарып қалды - Әлем|17 Қаңтар 2018, 09:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АҚШ-та өрт сөндіруші 3-қабаттан құлаған қызды құтқарып қалды

Желіде америкалық өрт сөндірушінің 3-қабаттан құлаған қызды құтқарып қалғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ria.ru басылымына сілтеме жасап.

The Independent басылымының жазуына қарағанда, төтенше жағдай қаңтар айының басында Атланта маңында (Джорджия штаты) болған. Қызын өрттен құтқарып жатқан әкесі оны өрт сөндіруші Скотт Строуптың қолына лақтырады.

«Біз балаларды футбол доптары сияқты қағып алдық. Тура сондай болды», - деді бригада басшысы.

Апат кезінде 12 адам шығарылды. Арасында сегіз кәмелет жасқа толмаған бала бар.

Өрт сөндірушілер қағып алған балалар еш зардап шекпеді. Тек қыздың әкесі екінші дәрежелі күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер