BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АҚШ-та мектептің үстіне қару-жарық контейнері құлады

АҚШ-та Техас штатының Эл-Пасо қаласындағы бастауыш мектептің шатырына әскери ұшақтан қару-жарақ салынған контейнер құлады. Бұл туралы Риа Новости басылымы KTSM телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Ислет мектеп округі баспасөз хатшысының айтуынша, жағдай бейсенбі күні шамамен сағат 15.45-те (Астана уақытымен сағат 2.45) болған. Ешкім зардап шекпеді.

Форт-Блисс әскери база өкілдерінің хабарлауынша, жергілікті полиция контейнерді қауіпсіз жерге қойды және жақын арада әскерилерге береді.

«Мен көрші тұрған бастауыш мектепке шығын келгені үшін кешірім сұраймын және ешкімнің зардап шекпегеніне өте қуаныштымын», - деді әскери авиация бригасының командирі Джей Хопкинс.

Форт-Блисс тергеу жүргізіп жатыр және болашақта мұндай жағдай болмауы үшін ұшу схемасын қайта қарап шығады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер