BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АҚШ-та 1200-ден астам рейс кейінге шегерілді

Астана, BAQ.KZ. 25-қараша күні АҚШ-та қарлы дауыл салдарынан 1200-ден астам рейс кейінге шегерілді. Бұл туралы «Известия» басылымы хабарлайды.

Канзас, Айова, Миссури және Небраска штаттарында қатты жел соғып, қалың қар жауған. Табиғаттың тосын мінезінен Чикаго және Канзас-Сити қалалары зардап шегіп отыр.

Синоптиктердің мәліміне сәйкес, 26-қарашада қарлы боран солтүстік-шығысқа қарай бағыт алып, Индиан және Мичиган штаттарына барады. Кейбір өңірлерде қардың қалыңдығы 30 см-ге дейін жетуі мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер