BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АҚШ құрамасының бұрынғы дәрігері 175 жылға сотталды

Гимнастика спортынан АҚШ құрамасының дәрігері Ларри Нассара зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 175 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы 2193 жылы бостандыққа шығады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сот Нассараны өздерін зорлады деп айыптаған 140 қыз-келіншектің шағымын қарастырды. Олардың қатарында Симона Байлс, Александра Райсман және Габриэлла Дуглас сынды танымал спортшы қыздар да бар.

Сот тыңдалымы кезінде аталған іске қатысты куәлік ете алатын 170 куәгердің бар екені анықталды. Әйелдер Нассараның өздерін емдеймін деп сылтауратып, ұятсыз әрекеттер жасағанын айтты. Ал айыпталушы өз кезегінде тек 10 спортшы қызға тиіскенін мойындады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер