АҚШ-та торнадо 500-ден астамның өмірін қиып кетті - Әлем|06 Маусым 2011, 09:18
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АҚШ-та торнадо 500-ден астамның өмірін қиып кетті

АСТАНА.  6 маусым. ҚазАқпарат  -   АҚШ-та  жыл басынан бері   болған     торнадолардың салдарынан    523  адам   мерт болды, деп   хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. Бұл    соңғы 75 жылда    құйынның  салдарынан  қаза  тапқан  ең   көп құрбан. Ресми  статистикаға сүйенсек, 1936     жылы  торнадодан    552 американдық  опат болған  екен.

Құрама Штаттарда  жылдың   басынан бері  1 мыңнан  астам   торнадо  тіркелген,  оның   1/3   сәуір  айында      болып,  олардың салдарынан    360-тан  астам  адам    қаза тапқан еді. Соңғы  60 жылдағы  ең    зұлмат   торнадо    22 мамырда  Миссури штатының  Джоплин қаласында     болды.  Құйынның       өзегіндегі  желдің  жылдамдығы    320 шақырым/сағатты  шамалаған.   900-ден  астам адам түрлі жарақат  алған.    Құйын      қаланың     үштен бір бөлігін   жермен-жексен етіп,  2 мыңдай ғимаратты   қиратқан,   тағы 8  мың    нысанды  зақымдаған. Өкімет     із-түзсіз   жоғалып  кеткендері әлі күнге дейін іздестіруде, ал қаза болғандардың саны күн  сайын көбейіп  отыр  -   тек өткен аптаның  өзінде  ауруханаларда   тағы төрт  адам  жарақаттан көз жұмды.    Қазіргі таңда Джоплин қаласындағы  торнадо   құрбандарының саны 138 адамды құрап  отыр.

http://www.inform.kz/kaz/article/2385382

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер