АҚШ-та E.coli вирусын жұқтырған үш адам анықталды - Әлем|03 Маусым 2011, 14:33
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АҚШ-та E.coli вирусын жұқтырған үш адам анықталды

Адам өмірі үшін өте қауіпті дертті жұқтырған үш адам да жақында Германияда сапармен болып АҚШ-қа оралғаны хабарланып отыр.

E.coli  вирусы Еуропада 1,5 мың адамға жұққан. Осы кезге дейін бұл дерттен 18 адам (Германияда – 17, Швецияда – 1) көз жұмған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, аса қатерлі жұқпалы ішек ауруына бұған дейін белгісіз болып келген бактерия себеп болып отыр. Мамандардың оның түп-төркіні қайдан шыққанын дәл тауып айта алмай отыр, алайда бұл дерт жас көкөніс арқылы жұғады деген күдік басым.

Ресейде кешеден бастап Еуропа одағына мүше барлық елдерден жас көкөніс импортына уақытша тыйым салынды.

http://www.azattyq.org/content/news/24213880.html


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер