АҚШ конгрессмені әйелдерге жіберген көргенсіз суреттері жария болған соң қызметінен кетті - Әлем|17 Маусым 2011, 15:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АҚШ конгрессмені әйелдерге жіберген көргенсіз суреттері жария болған соң қызметінен кетті

АҚШ конгрессінің мүшесі Энтони Вейнер интернет арқылы әйелдерге жіберген көргенсіз суреттері мен хаттары жария болған соң қызметінен кететінін мәлімдеді.

Демократиялық партияның өкілі Энтони Вейнер маусымның 16-сы күні Бруклинде өткен баспасөз мәслихатында "қателіктері" үшін көршілерінен, сайлаушыларынан, әсіресе АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның көмекшісі қызметін атқаратын әйелінен кешірім сұрады.

Конгрессмен әуелі отставкаға кетпейтінін хабарлаған еді. АҚШ президенті Барак Обама Энтони Вейнердің орнында болса, қызметінен кететінін айтқан. АҚШ конгресінің Нью-Йорктегі өкілі де бұл жанжалдан соң Энтони Вейнердің конгресте жұмыс істеуі мүмкін емесін мәлімдеген.

http://www.azattyq.org/content/news/24237890.html

Ақпарат атауы түпнұсқада "АҚШ конгрессмені жанжалдан соң қызметінен кетті" деп берілді (baq.kz).


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер