BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АҚШ кiмдi қолдайды: Мүбәрәктi ме, төңкерiсшiлердi ме?

The Daily Telegraph газетiнiң жазуынша, АҚШ Египет президентi Хосни Мүбәрәктi биыл­ғы сайлаудың қарсаңында тағынан төң­керудi көздейтiн оппозицияны қолдайды.
Екiұшты саясат жүргiзу — АҚШ-тың бағзыдан бар әдетi. Ақ үй Мүбәрәктi қолдайтынын жария түрде мәлiмдегенiмен, iзiн ала оппозицияның қолтығына су бүркiп қойған. Мұны да сол баяғы “Викиликс” әшкере еттi. АҚШ-тың Египет­тегi елшiсi Маргарет Скоби 2008 жылы мемлекеттiк департаментке жiберген құпия құжатта “кейбiр оппозициялық күштердiң билiктi төңкергiсi келетiнi” айтылған. Қаңтардың 24-iнен басталған наразылық шаралары әлi тоқтаған жоқ. Кейбiр деректерге қарағанда 10 адам қаза тауып, мыңнан астам адам жараланған. Шерушiлер билiк партиясының Каирдегi штаб-пәтерiн өртеп жiберген. Египет президентiнiң сасқаны сонша, вице-президент етiп барлаудың басшысы Омар Сүлеймендi тағайындапты. http://www.zhasalash.kz/shetel/3787.html

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер