Адамды іздеп табатын роботтар жасалды - Әлем|24 Наурыз 2011, 00:55
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Адамды іздеп табатын роботтар жасалды

Қытай ғалымдары зілзаладан кейінгі құтқару операцияларына қатыса алатын құлтемірлерді ойлап тапты. Арнайы тетіктер орнатылған роботтар үйінді астында қалған адамды іздеп табуға қабілетті. Іздестіру барысында құлтемір өз пішінін өзгертіп, қажет жағдайда тікбұрыш, төртбұрыш немесе сопақ күйге ене алады.
 
Бұған қоса, ғалымдар елгезек машинаны бейнекамерамен әрі аудиожүйемен жабдықтаған. Роботтарға радиация да тосқауыл емес. Мәселен, зілзала жайпаған Жапония үшін мұндай машиналар – таптырмайтын көмекші.  
 
Арай Төлегенқызы

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер