50 оқушы отырған автобус жол апатына ұшырады - Әлем|16 Қаңтар 2018, 16:31
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

50 оқушы отырған автобус жол апатына ұшырады

Фото: orlandoweekly.com

50 шақты оқушы отырған автобус бірнеше көлікпен соқтығысып, кейін үй қабырғасына барып соғылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі dw.com сайтына сілтеме жасап.

16 қаңтар күні Германияның оңтүстік-батысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан кемінде 47 адам жапа шекті. Оқушылар отырған автобус жолдан шығып кетіп, бірнеше көлікпен соқтығысқан. Кейін тұрмыстық техникалар дүкенінің қабырғасына барып соғылған.

Бұл туралы Баден-Вюртемберг федералды жеріндегі Эбербах қаласының полиция өкілдері хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 37 адам жеңіл, 10 адам ауыр жарақат алды. Кейінгілердің бесеуінің жарақаты өмірлері үшін қауіпті болып тұр. Апатқа түскен автобус ауыл балаларын жинап алып, оларды Эбербахтағы мектепке алып баратын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер