BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2 жасар қыз орманда жоғалып, 4 күннен кейін аман табылды

Фото: scmp.com

Қытайда екі жасар қыз төрт күнін орманда өткізіп, аман қалды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Басылым таратқан ақпаратқа қарағанда, қыз орман маңындағы ауылда тұрады. Ол үлкен әпкелерімен бірге ойнап жүргенде орманға кіріп, адасып кеткен. Әкесі тек ертесіне полицияға хабар берген.

Қызды 700 полицей үш тәулік бойы іздейді. Бірақ төртінші тәулікте ауыл тұрғыны бұтақтардың арасынан қызық дауыс естіп, полицияны шақырады. Олар сол жерден жоғалған екі жасар қызды тапты.

Дәрігерлер баланы қарап, тек шөл қысқанын айтты. Ешқандай ауыр жарақат алмаған. Әр жері көгеріп, жәндіктер шаққан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер