BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

28 қараша күні Грузияда президент сайлауы өтеді

Фото: ашық дереккөзден

Грузиядағы кезекті президент сайлауы осы жылдың 28 қарашасында өтеді. Бұл жайында елдің қазіргі президенті Георгий Маргвелашвили мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА новости басылымына сілтеме жасап.

«Президенттік сайлауды 28 қараша күнге тағайындау бойынша шешім қабылданды», – деді Маргвелашвили брифинг барысында.

Оның айтуынша, мұндай шешім премьер-министр Мамука Бахтадзе берген кеңестен кейін қабылданған.

Бұл тікелей дауыс беру арқылы өтетін елдегі соңғы сайлау. Болашақта президентті 300 уәкіл сайлайтын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер