256 жыл жасаған қытай - Әлем|19 Шілде 2011, 10:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

256 жыл жасаған қытай

Біз «120 не болмаса, 130 жыл өмір сүрген, «екі ғасырға куә болған» деп таңғалып жүрген ұзақ өмір сүргіштер, қытайлық Ли Циньюның қолына су құюға жарамай қалды. Неге дейсіз ғой.

Әлгі қытайдың жасы 256 - да екен. Рас, ол қазір жоқ. Бірақ 256 жыл өмір сүргені тайға таңба басқандай айқын. Өйткені қалт еткен әр нәрсені хатқа түсіріп отыратын қытайлар, үш ғасыр өмір сүрген қарттың бүкіл ғұмырын ақ параққа әдіптеп жазып қойса керек. Сонымен... Ли Циньюн 1677 жылы өмірге келіп, 1933 жылы пәниден бақиға аттаныпты. Ол бүкіл өмірін әскери тірлікке арнапты. Әскери кеңесші һәм шығыс жекпе-жегінің үйретушісі болды. 1927 жылы Лиді Ян Сэн деген губернатор қонақ еткен көрінеді. Сонда оның жасының біразға келгеніне таңғалған аймақ басшысы «адам айтса сенгісіз жастасыз, бірақ жүріс-тұрысыңыз, ақылыңыз, тапқырлығыңыз жас адамға бергісіз екен» депті бас шайқап. Ли 24-рет үйленген. 23 әйелі өзінен бұрын өлсе керек. Тек 24-жас әйелі ол дүниеден өткен соң барып, қайтыс болыпты. Лидың артында 200-ден астам немере-шөбере, немене қалған. Ол өлерінде оның осынша ұзақ өмір сүруін білгісі келгендерге бар құпиясын ашыпты. «Жүрекке салмақ салма, үнемі бір қалыпта ұста, отырғанда тасбақаша жарбиып қал, әркез көгершіндей сергек бол, ұйықтағанда иттей сақ бол» деген екен...


Дайындаған
Нұрсұлу МЫРЗАБЕКОВА

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=8956&Itemid=2


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер