Жәрмеңкеде 114 миллион теңгенің өнімі сатылды - Мезгіл мәселесі|04 Қазан 2016, 11:54
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жәрмеңкеде 114 миллион теңгенің өнімі сатылды

Көкшетау қаласындағы «Алтын Ғасыр» сауда үйінің алаңында Бурабай, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандарының және Көкшетау қаласы ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Халық пайдасына шешілген бұл шараға аймақ басшысы Сергей Кулагин мен қала әкімі Ермек Маржықпаев қатысты.

Жәрмеңкеде Ақкөлдегі «Ұш бұлақ» ЖШС, Аршалы ауданындағы «Ижевск» өндірістік кооперативі және Целиноград ауданындағы «Capital Project Ltd» ЖШС сияқты облыстың ірі құс өндіруші кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынды. Облыстық ауылшаруа- шылығы басқармасының мәліметі бойынша, бұл жолы жәрмеңкеде 114 миллион теңгенің өнімі сатылды. Жәрмеңкеге 66 тоннаға жуық ет пен шұжық, 13 тонна балық, 250 мың дана жұмыртқа, 22 тонна ұн мен макарон, 80 тонна картоп, 73 тонна көкөніс, 5 тонна қант, 10 мың литр күнбағыс майы, 21 тоннадан астам сүт және өзге де ауылшаруашылығы өнімдері жеткізілді. Азық-түлік өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайыз арзанға сатылды. Күзгі жәрмеңкенің қызығы саудасында ғана емес, молшылығы мен берекесін- де. Сондықтан болар жұртшылық картопты қап-қабымен сатып алып жатты. Ет пен сүт өнімдері, жұмыртқа да қолжетімді бағамен саудаланды. Мәселен, жылқы еті 1100 теңге- ден, қой еті 950 теңгеден, сиыр еті 900 теңге- ден саудаланды.

Сәбіз 65, картоп 45, қияр 150 теңгеден босатылды. Арзан бағамен қажеттiсiн алуға асыққан халықтың қарасы қалың болды. Бағасы арзан, сапасы жоғары табиғи өнiмге қашан да сұраныс бар. Қала тұрғындары делдалсыз сауданың жиi өткiзілетініне ризашылықтарын білдірді. – Жәрмеңке жылда дәстүрлі түрде өткізілетіндіктен асыға күтеміз. Шалғайдағы ауылдың экологиялық таза, бағасы қолжетімді өнімін әкелген шаруаларға ризамыз. Отын, шөпке дейін бар. Сүт, май, шұжық, ірімшік, нан өнімдері өз алдына. Шаруашылықтар жыл бойғы еңбегін саудалауға мүмкіндік алса, біз табиғи өнімге алып-сатарларсыз қол жеткіземіз, – дейді сатып алушылардың бірі Айман Елемесова. Қыс – қыр астында. Қамданып қалатын шақ. Асыға басып жәрмеңкеге келіп жатқандардың көңіл-күйлері жоғары. Күзде піскен көкөністерді жұртшылық қап-қабымен сатып алып жатты. Сондай-ақ, отын, малға арналған жем-шөп те кең сұранысқа ие болды.

Бұл өнімдерді сатуға арнайы 75 палатка тігіліп, оларда 170 сауда нүктелері жұмыс істеді. Сондай-ақ, жәрмеңке барысында келушілерге облыстың шығар- машылық ұжымдарының қатысуымен да- йындалған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Әсем ҰЛАНҚЫЗЫ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер