МАҚТААРАЛДЫҚТАР 110 МЫҢ ТОННА «АҚ АЛТЫН» ЖИНАДЫ - Мезгіл мәселесі|10 Қазан 2016, 12:36
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

МАҚТААРАЛДЫҚТАР 110 МЫҢ ТОННА «АҚ АЛТЫН» ЖИНАДЫ

ОҚО әкiмiнiң баспасөз қызметi хабарлайды:

МАҚТААРАЛДЫҚТАР 110 МЫҢ ТОННА «АҚ АЛТЫН» ЖИНАДЫ

Мырзашөлдiк шаруалар қырманды «ақ алтынға» толтырып жатыр. Науқан басталған қыркүйек айынан берi 53 мың гектар алқаптан 110 мың тонна шиттi мақта жиналды. Оның 44 мың тоннаға жуығы қолмен терiлсе, 66 мың тоннадан астамы арнайы техникамен жиналған.

Гектар түсiмдiлiгi де көңiл тоғайтады. Әр гектардан болжамдық шамамен 24,1 центнерден «ақ алтын» алынуда. Бүгiнге дейiн жалпы мақталық алқаптың 64 пайызын жинаған диқандар бiрiншi терiмдi аяқтап, екiншi терiмдi бастады. Аудан бойынша 297 комбайн мен 10 мыңнан астам адам мақта терiм науқанына қатысуда.

«Мақтаның бағасы биыл жаман емес. Келiсiн 155-160 теңгеден өткiзiп жатырмыз. Өнiмдiлiгi де жылдағыдан айтарлықтай жоғары. Құдайға шүкiр, биыл бiр жырғап қалатын болдық» дейдi диқан Алдан Сәрсенбаев.

Айта кетейiк, биыл мақтааралдықтар мақта алқаптарының көлемiн жылдағымен салыстырғанда 6 мың гектарға ұлғайтып, 83 мың гектар жерге мақта шитiн ектi. Жиын-терiм соңына дейiн Мырзашөл аймағында 200 мың тоннадан астам «ақ алтын» жиналады деп күтiлуде.

okg.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер