ЕЛОРДАДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ - Мезгіл мәселесі|25 Тамыз 2016, 12:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕЛОРДАДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

3-4 қыркүйекте Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылорда облысының күндері өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Б.Момышұлы даңғылында орналасқан Оқушылар сарайының алдындағы тұрақта өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде аймақтың тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Онда 300 тоннадан астам өнім, соның ішінде жарма, жеміс, көкөніс, сүт тауарлары, ет, шұжық өнімдері, балық, бал, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер сатылады.
Сенбі күні, 3 қыркүйекте астаналықтар «Ырысты, күрішті - Қызылорда» атты концерттік бағдарлама мен арнайы шатырда ашылатын Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығына арналған «Ақ күріштің атасы - Ыбырай» көрмесін тамашалайды. Жәрмеңкеде «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында шығарылған өнімдер де көпшілік назарына ұсынылады.
Сонымен қатар, Астана қаласының Балалар қалашығында және Мамандандырылған балалар үйінде «Бәрі де бала бақыты үшін» қайырымдылық акциясы өтеді.
Осы күні сағат 17.00 Конгресс-холлда аймақтың өнер иелері «Сыр - Алаштың анасы» атты мерекелік концертте өз шеберлігін ортаға салады. Сондай-ақ, фойеде «Тәуелсіздіктің дара жолы - Сыр елі жетістігі» фотокөрмесі мен ел тәуелсіздігіне арналған сурет көрмесі өтеді. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында кітап көрмесі, ал ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмелер мен экспозициялар ашылады.
4 қыркүйекте Б. Момышұлы даңғылында орналасқан Оқушылар сарайының жанында жәрмеңке мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер