BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

VIII Азаматтық форумында ауыл шаруашылығы мәселелері талқыланды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін VIII Азаматтық форумында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниевтің қатысуымен «Ауыл — ел бесiгi» пленарлық сессиясын өтті.

Ең бірінші АШМ вице-министрі Арман Евниев сөз сөйледі. Ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 қазан күні ауыл шаруашылығын жаңғыртуды тапсырғанын айтты. Соған сәйкес аталған ведомствода өңірлерді дамыту бағдарламасы әзірленді.

«Ауылдағы инфрақұрылымды жаңғырту мақсатымыз болып отыр. Осы салаға жастардың қызығушылық танытқаны маңызды. Ауылда жұмыс істейтін адамдардың мәртебесін көтеру қажет болып отыр», — деді ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары.

«Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Әуезхан Даринов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында ауыл шаруашылығы мәселелері көтеріле басталғанын атап өтті.

«Депутаттарға жанармай бағасы туралы хат жаздық. Жанармай бағасын төмендетер болсақ ауыл шаруашылығын қазіргімен салыстырғанда 2,5 есе жылдам дамытуға болады. Халқымыз басқаларға қарағанда өте шыдамды. Бағаны төмендету туралы қол жинауға болады», - деді ол.

Жұмыртқа өндірушілері қауымдастығы басшысы Максим Божко мен «Қазақстан ет қауымдастығы» басқармасының мүшесі Арсен Исламов та сөз сөйледі.

Максим Божко 6 құс фабрикасының жұмысы қалпына келтірілгенін, десе де қызметкерлер тапшылығы барын атап өтті. Қауымдастық басшысы адамдардың ауылдан кеткісі келетінін айтты. Осыған байланысты ол ақша табуға ғана емес, сондай-ақ қоғамның әл-ауқатына үлес қосатын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де айта кетті.

Арсен Исламов өз кезегінде АӨК дамыту бағдарламасы ауыл тұрғындарының өсімін арттырудың жаңа қозғаушы күші болатынынын еске салды. Оның пікірінше, жердің әр гектары табыс әкелуі тиіс.

Еске сала кетсек, Астанада VIII Азаматтық форумы өтіп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер