BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Тіл жанашырының» жаңа кітабы жарық көреді

Астана. 22 қаңтар. Baq.kz – 23 қаңтарда сағат 11.00-де Ұлттық академиялық кітапханада Қанат Тасибековтың «Ситуативный казахский ІІ т., Диалоги» кітабының тұсаукесері өтеді.

Бұған дейін, автордың «Ситуативный казахский І т., Мир казахов» деп аталатын кітабы 15 000 тиражбен жарық көріп, қазақстандық бестселлерге айналған. «Эксперт Казахстан» интернет-порталының әлеуметтік зерттеуі бойынша Қазақстан халқының ұлттық дүниетанымын көрсететін 100 кітаптың қатарына енген. Автордың өзі қазақ тілін үйретудің әдістемесін дамытқан еңбегі үшін «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапатталған.

«Ситуативный казахский ІІ т., Диалоги» кітабы аты айтып тұрғандай, оқулықтарға арналған жасанды тақырыптағы диалогтардан тыс, нағыз өмірде кездесетін ситуациялық жағдайдағы сұхбаттарды қамтиды. Жалпы кітап оқырман қауымды мемлекеттік тіл жайлы, трайбализм жайлы, “қазақы ислам” жайлы, ұлттық мәселе төңірегінде, шала-қазақтар туралы, ұлтаралық неке жайлы, ЕурАзЭО кіру туралы, Астана және Алматы туралы ситуацияда кездесетін осындай сұхбаттарымен баурайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер