BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Балалар əдебиетіне арналған "Тəтті алма" порталы ашылады

Астана. 20 мамыр. Baq.kz – Қала күні қарсаңында Елбасының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік тілді дамыту қоры балаларға арналған бірқатар жобалардың тұсауын кеспек. 

Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев хабарлады.

- Астана күні қарсаңында Елбасының қолдауымен "Тəтті алма" деп аталатын балаларға арналған 2 томдық антологияның тұсаукесерін жасамақпыз. Оған тəуелсіздік жылдары еліміздің ақын жазушыларының ешқайда жарияланбаған, балаларға арнап жазған таңдамалы шығармалары енеді, - деді Қор директоры.

Сонымен қатар, оның айтуы бойынша "Тәтті алма" деген тек балаларға арналған əдебиеттен тұратын портал құру жоспарлануда. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер