BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлытау жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиында бас қосты

Астана, BAQ.KZ. «Ұлытау» қорық-мұражай директоры Бақтияр Қожахметов жас буын өкілдерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікір алмасты.

2014 жылы елімізде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданған болатын. «Ұлытау» қорық-мұражайы осы стратегия қабылданғаннан бері Ұлытау ауылында елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бүкіл қоғамның ісі екенін түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

«Қорық-мұражай - ұлттың бай әрі сан алуан рухани мұрасының сақтаушысы әрі қорғаушысы. Ал, осы рухани мұраға халық тәрбиесі, оның ішінде бабалар аманаттаған адал еңбек те кіреді. Адалдық бүгінгі ұрпақтың да темірқазығы болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар санаға жас күннен сіңірілгенде ғана оған төзбеушілік әрбір қазақстандық жастың өмірлік ұстанымына айналады», - деді жастармен болған кездесуде қорық-мұражай директоры Бақтияр Қожахметов.

2019 жыл Президент Жарлығы бойынша елімізде Жастар жылы деп жарияланған. Сондықтан, келер жылы да қорық-мұражай қызметкерлері өскелең ұрпақ бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын әрі қарай жалғастырмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер