BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Жақсы іс туралы неге аз айтамыз?» – Божко Абаевтың жұмысына баға берді

Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко ақпарат және коммуникациялар министріне сұрақ қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ол Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің елімізде жаңа қызметтерді жақсы енгізіп жатқанына жоғары баға берді. Бірақ оның ойынша ақпарат құралдарында бұл туралы мәлімет аз.

«Біз жақсы іс туралы аз айтамыз. Кім-кіммен үйленді, кім ажырасты деген біреудің жеке отбасылық өміріне жиі бас сұғамыз. Мұндай ақпараттан шаршадық. Ал, жақсы іс туралы: мемлекеттік қызметтердің өсуі, сапасының жоғарылауы, азаматтардың кезекте ұзақ тұрып, инфаркт алуы азайды дегенді айтпаймыз», - деді Владимир Божко Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Бұдан бөлек ол министрліктің қызметін жариялауға байланысты көп жұмыс істеуге кеңес берді.

«Министр мырза, сіздің қолыңызда ведомствоның барлық картасы бар – газеттер, электрондық үкімет. Сондықтан қысылмаңыз, өз жұмысыңыз жайлы жар салыңыз», - деді Божко.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер