BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық сотталған әйелдер халықаралық көркемөнер байқауында жүлделі орын алды

Мәскеуде өткен халықаралық көркемөнер байқауында Петропавл қаласында жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдер жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандар арасында олардың түзелуіне бағытталған іс-шаралар кешені тұрақты түрде өткізіліп отырады. Оның ішінде жазасын өтеушілердің адамгершілік-эстетикалық тұрғыдағы тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді.

«Петропавл-Булаев епархиясының өкілі Солтүстік Қазақстанда орналасқан ЕС-164/6 мекемесіне кезекті рет барғанда сотталғандардың көркем шеберлігіне назар аударып, олардың салған суреттеріне тәнті болды. Дін өкілі осы суреттерді халықаралық проваславты көркем сурет байқауына қатысуға ұсынды және ол ұсынысты өңірлік ҚАЖ департаментінің басшылығы қолдады», - дейді СҚО бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Әділет Мұстафинов.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі байқауға қатысқан үш өнерпаздың шығармашылықпен айналысуына барлық жағдайды жасады. Үздік деп танылған жұмыстарды Мәскеу қаласында өткен Қазақстан, Ресей, Беларусь және өзге де елдің өнерлі адамдары қатысқан халықаралық байқауға дін қызметкері Серафимнің өзі апарды.

Қазақстандық жазасын өтеуші әйелдердің туындылары байқауды ұйымдастырушылардың, православты шіркеу қызметкерлер мен кәсіби суретшілер тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-дәрежелі жүлделі орын Қазақстан Республикасы бойынша ЕС-164/6 мемлекеттік мекемесіне, ал бірінші орын Құдай ана бейнесіндегі «Мейірім» (Умиление) иконасының авторы В.Оксанаға бұйырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер