BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кәсіпорындар жұмысшыларға 2,2 млрд теңге берешек болған – Тамара Дүйсенова

Берешегі бар 294 кәсіпорынның мәселесі қаралды. Ағымдағы жылдың 8 айында жалақы бойынша 2,2 млрд теңгеге жуық берешек өтелді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Еңбек және және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Үкімет сағатында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 83-қадамын іске асыруға орай Қазақстан Республикасында Еңбек кодексінің жаңа моделін енгізу барысы талқыға салынды.

«Бүгін ел экономикасында жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 8,5 млн-нан асты немесе ол халық санының 50 пайызына жуықтады. Бұл азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын реттеу қайсы қоғамның болса да, өзекті мәселесі болып келеді. Елімізде 2016 жылдан бастап, өздеріңіз қолдап қабылдаған, жаңа Еңбек кодексі іске асырылуда. Жаңа кодексте еңбек қатынастарын реттеуші субъектілерді өкілеттілігін нақтылай отырып, олардың арасында келіссөздер механизмін әріптестік негізінде дамыту көзделген болатын. Жаңа Еңбек кодексінің негізгі принципі – еңбек қатынастарын әлеуметтік диалог ретінде реттеу», - деді ол.

Сонымен қатар министр ағымдағы жылы жұмысшыларына қарыз болған кәсіпорындармен тиісті жұмыстар жүргізілгенін алға тартты.

«Үш жақты комиссия отырысында берешегі бар 294 кәсіпорынның мәселесі қаралды. Ағымдағы жылдың 8 айында жалақы бойынша 2,2 млрд теңгеге жуық берешек өтелді. Яғни 17 мың жұмыскердің алдындағы қарыз өтелді. Сонымен қатар 396 кәсіпорын 5 мың қызметкерді жұмыстан шығаруды жоспарлаған. Бұл бойынша тиісті шаралар қолға алынды. 100 мың адамы бар 250 кәсіпорын еңбек заңнамасын жиі бұзатындар тобына жатқызылды. Мұнда 8 мың жұмысшы мен жетекшілердің қамтылуымен тиісті семиналар өткізілді», - деді Тамара Дүйсенова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер