BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ерлан Байдәулет: «Астана» қаржы орталығы ашылса, елімізге инвесторлар ағылады

Фото: strategy2050.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ағылшын жалпы құқық қағидалары мен ережелерін жүзеге асыратындықтан шетел инвестицияларын тікелей тартуда мүмкіндігіміз еселей түседі. Исламдық қаржыландыруды дамыту қауымдастығының төрағасы Ерлан Байдәулет туралы осындай пікірде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдік қаржы орталықтарының 90%-ы ағылшын жалпы құқық жүйесінде жұмыс істейді және инвесторлар осы жүйеде алаңсыз кәсібін жүргізе алады.

«Екі жыл бұрын Елбасымыз «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылатынын жариялаған кезде көбі түсінбей қалды да, теріс пікірде болғаны рас. Бірақ бұл орталық ағылшын жалпы құқық жүйесінде жұмыс істейді және ең бастысы, бұнда инвесторлардың құқы ағылшын жүйесінде қорғалатындықтан олар бізге қорықпай инвестиция салады. Яғни, «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру арқылы орардың сеніміне ие бола аламыз. Сондай-ақ, АХҚО арқылы енетін қаржы технологиясы қарапайым халыққа үлкен пайда әкеледі. Яғни, халық салған ақшасын онлайн бақылай алады», - дейді Ерлан Әлімжанұлы.

Айта кетейік, «Қазақстанның Астанасы 2017 жылға қарай халықаралық қаржы орталығына айналуы тиіс» деген тапсырманы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бес институттық реформаны жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» Ұлт жоспарында жүктеген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер