BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елордада операторсыз қызмет көрсететiн ХҚКО ашылады – министр

Жуырда елордада операторсыз қызмет көрсететiн Digital ХҚКО ашылады. Үкiмет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Жақын арада Астанада Digital халыққа қызмет көрсету орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл орталықта мемлекеттiк қызметтер толығымен автоматтандырылған жүйе арқылы көрсетiледi. Яғни, азаматтар қызметтердi ХҚКО операторының көмегiнсiз ала алады. Цифрлық ХҚКО-ның ашылуы - мемлекеттiк қызмет көрсету жүйесiн жаңа форматқа көшiрудiң кезеңi саналады. Бұл жүйеде азаматтар мемлекеттiк корпорация павильонындағы қоғамға қолжетiмдi пунктер, «Connection Point» өз-өзiне қызмет көрсету секторы мен арнайы стендтерде орналасқан планшеттер арқылы электрондық өтiнiштердi өздерi бере алады», - дедi Дәурен Абаев.

Бұған дейiн министр мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру жұмысы қарқынды жүргiзiлiп жатқанын айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер