BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елiмiзде қылмыстық процесс қысқартылмақ – Бас прокуратура

Елiмiзде қылмыстық процесс барысындағы тергеу амалдары қысқартылмақ. Өйткенi, Қазақстанда ол тым ұзақ әрi шығыны да көп. Бұл туралы ОКҚ брифингi барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Бүгiн құқық қорғау органдары, сот және басқа мемлекеттiк орган өкiлдерi құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық процестi реформалаудың негiзгi жолдарын талқылады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен реформа жүргiзудiң жолдарын нақтылау үшiн ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын. Оның құрамына Жоғарғы соттың, Әдiлет министрлiгiнiң, құқық қорғау және арнайы органдардың бiрiншi басшылары кiрдi.

«Бiз тергеу процедураларын жеңiлдетудi қарастырып отырмыз. Өкiнiшке қарай, бүгiнгi таңда бiзде қылмыстық процесс тым ұзақ, шығыны көп әрi қағазбастылық басым. Қылмыс анық көрiнiп, тiкелей дәлелдерi болып, қылмыскер кiнәсiн мойындап тұрса да, тергеу бiрнеше айға созылады. Әрине, бұл шығынға батырады және адамдардың қылмыстық iске қатысуын арттырады. Сондықтан, бiз IIМ-мен елiмiздiң 7 өңiрiнде процестi қысқарту үшiн пилоттық жобаны көрсеттiк. Осылайша, жылдар, айлар бойы тергелген қылмыстық iстердiң қажеттi тергеу амалдары ортақ стандарттардың арқасында 3-4 күнде жүргiзiлiп, қылмыстық iстер 7 тәулiкке дейiн сотқа жолданды. Бұл сотқа дейiнгi органдарының өндiрiсiндегi қылмыстық iстердiң шамамен 70 пайызы. Пилоттық жоба көптеген артықшылығын көрсеттi. Сондықтан, бүгiнгi таңда бұл жүйенi жетiлдiруiмiз керек», - дедi Ахметжанов.

Оның айтуынша, жұмыс тобы Мемлекет басшысы белгiлеген 5 бағыт бойынша нақты ұсыныстар әзiрледi. Заң жобасы бойынша жұмыс ендi ғана басталды. Жоба дайын болғаннан кейiн халықпен жан-жақты талқыланады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер